Португалияда алып динозавр табылды

Португалияда алып динозавр табылды

Португалияда бір топ археолог алып динозаврдың қаңқасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол осы уақытқа дейін кәрі құрлықтан табылған ең ірі динозавр болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, мақұлықтың ұзындығы 25 метр шамасында. Ол брахиозаврлар тобына жатады. Бұл жануарлар жер бетінде осыдан 145 миллион жыл бұрын өмір сүрген екен. Мамандар оны шөпқоректі жануарлар қатарына жатқызып отыр.