Перуде үш мың жыл бұрынғы қабір табылды

Перуде жергілікті және жапон археологтары 3 мың жыл бұрынғы қабірді тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі Мәдениет министрлігінің деректеріне сүйенсек, мүрделер солтүстіктегі Пако-пампа таулы аймағында анықталған. Табылған заттардың арасында музыкалық аспаптар, тастан жасалған әшекей бұйымдар және тағы өзге заттар бар. Жапондық археолог Юджи Сакаидің сөзінше, қабірде тек Эквадорда кездесетін Стромбус ұлулары да болған, бұл жоғары лауазымды тұлғаның мәйіті екенін айқындайды.

Айта кетейік, анықталған қабір Пако-пампадағы ең ежелгі олжа болып отыр. Мұнда бұрын б.з.д 700 және 600 жылдардағы екі қабір ғана табылған еді. 

Сондай-ақ...