Кәрі құрлықта биыл туризм қайта жандана бастады

Кәрі құрлықта биыл туризм қайта жандана бастады

Зерттеуге қарағанда Францияда жаз айларында сала қарқынды дамып 2019 жылғы деңгейге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бесінші республикада аптап ыстыққа қарамастан қонақ үйлердің кірісі 2019 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. Францияда туризм елдің ішкі жалпы өнімінің 8 пайызын құрайды. Бұл салада 2 миллионға жуық адам жұмыс істейді.

Серена Веронезе, италиялық саяхатшы: 

Қайта емін-еркін саяхаттауға мүмкіндік туғаны қандай керемет! Мен жолдасыммен әуе компаниясында жұмыс істеймін. Індет кезінде көп қиыншылық болды. Адамдардың қайта көптеп саяхттай бастағанына өте қуаныштымын.

Ксавье Саррасен, даяшы:

Былтыр негізінен жергілікті саяхатшыларға қызмет еткен едік. Биыл дәмханамызға келіп жатқан туристердің басым бөлігі шетелдіктер. Сондықтан саяхатшылар қайта оралды деп нық сеніммен айта аламын.