Халықаралық сарапшылар атом электр станциясына барды – Украина

Халықаралық сарапшылар атом электр станциясына барды – Украина

БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері Украиндағы Запорожье атом электр станциясын барып көрді. Ұйым басшысы Рафаэль Россидің айтуынша, мамандар нысанда жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым станциядағы ахуал туралы бейтарап әрі әділ техникалық сараптама жүргізетінін жеткізді. Нысанды бақылау мақсатымен миссияның мамандары стансада тұрақты түрде қалуды көздеп отыр.

Рафаэль Росси, БҰҰ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы:

Біз ешқайда кетпейміз. Станцияда қалып тұрақты түрде жұмыс жасауға ниеттіміз. Біздің командамыздың алдында көп жұмыс тұр. Біз осында көргендерімізді техникалық тұрғыдан егжей-тегжейлі сараптауымыз қажет.

Украина президенті Владмимр Зеленский Халықаралық агенттік өкілдерінің станцияға барып, нысанды көргеніне қолдауын білдірді. Осымен бірге халықаралық сарапшылар нысандағы ахуалды тексеріп әділ сараптама шығаратынына үміттентінін айтты.

Владимир Зеленский , Украина президенті:

– Ресей күштері Запорожье атом электр станциясынан кетіп, Энергодарды атқылауды тоқтатқан кезде ғана ол қауіпсіз жұмысына қайта орала алады. Ең бастысы станция аумағынан әскери күштер шығарылуы керек. Бұл Укриана мен халықаралық қауымдастықтың басты мақсаты.