Чехияда үкіметке сенімсіздік жариялау ұсынылды

Чехияда оппозициялық партия Парламенттің өкілдер палатасына үкіметке сенімсіздік жариялау туралы шағым жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Премьер-министр Петр Фиаланың кабинеті инфляцияны тежеп, энергетикалық дағдарыспен тиімді күрес жүргізбей отыр деп санайды. Дерекке қарағанда шілде айында Чехияда бағалар 17 пайызға өскен. Ал үкімет басшысы оппозиция мұндай әрекетке алдағы кезектен тыс аймақтық сайлауға байланысты барып отыр дейді. Сарапшылар болса, билеуші партия төменгі палатада басым дауысқа ие болғандықтан, үкіметке сенімсіздік жариялануы екіталай деген пікірде.