loader

Қытайда карантин жарияланды

Қытайда карантин жарияланды

Қытайдың тағы 2 қаласында локдаун жарияланды. Оның бірі – осы елдің оңтүстік-шығысында орналасқан 21 миллион тұрғыны бар Ченду шаһары. Екіншісі технологиялық хаб саналатын Шэньжэнь қаласы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Чэндуде 800 адамнан коронавирус анықталып, толық жабылған. Ал Шэнжэньде карантин шаһардың 7 ауданына енгізілген. Чэндуде қырүйектің 4-іне дейін халықты жаппай тестілеу жүргізілмек. Қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшіріліп, оқу жылы белгісіз уақытқа шегерілді. Шектеу хабарлана салысымен қала тұрғындары жаппай азық-түлік сатып ала бастаған. Бірақ барлық дүкен мен дәріхана қалыпты жұмыс істеп тұр. Шаһарда көлік қозғалысы шектелген. Көшеге әр отбасыдан тек бір адам ПТР-тест нәтижесі теріс болған жағдайда ғана шығуына рұқсат берілген. Өткен күні Қытайдың 20 аймағында вирусты жұқтыру дерегі тіркелді.

Сондай-ақ...