Францияда автотұрақ ақылы болады

Парижде мотоциклшілер үшін қала көшелеріндегі автотұрақ ақылы болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл міндеттеме заң жүзінде, жанармаймен жүретін байк иелері үшін қыркүйектің бірінен бастап күшіне енеді. Жергілікті билік қоршаған ортаны қорғау мақсатында тиісті шешім қабылдады. Бірақ шабандоздар бұған қарсы. Әсіресе әлеуметтік осал топтар мен студенттер үшін сағат сайын автотұраққа ақша төлеу қиынға соғады. Қазір қымбатшылыққа тап болған жұрттың онсыз да жағдайы мәз емес. 

Антуан Кули, студент:

Мұндайды күткен жоқпыз, асығыс қабылданған шешім деп ойлаймын. Мен оқу оқимын ба, ақша табамын ба түсінбей қалдым. Бұрын жолымыз тегін еді, енді оған да ақша керек. Парижде велосипедпен жүру өте қиын, көліктер жол бермейді. Сондықтан мотоциклмен жүруге тура келеді.