Қытайға жойқын тайфун таяп қалды

Қытайға Хиннамнор атты жойқын тайфун жақындап қалды. Қазір желдің екпіні сағатына 15 шақырымды құрайды.

Болжам бойынша долы дауыл Чжэцзян провинциясының солтүстік-шығыс жағалауында ойран салмақ. Жергілікті билік қауіптіліктің үшінші деңгейін жариялап, төтенше жағдай қызметінің шұғыл әрекет етуін күшейтті.  Жағдайды бақылауда ұстау үшін арнайы құтқарушылар тартыла бастады. Ал теңіздегі кемелер мен 3 мыңға жуық балықшыға шұғыл портқа оралу керек деген бұйрық берілді. Сонымен қатар жағалаудағы барлық құрылыс жұмыстары тоқтатылды.