Үндістанда оппозициялық топ қымбатшылыққа қарсы ереуілге шықты

Үндістанның Нью-Дели қаласында Конгрестың оппозициялық партия жақтастары билікке қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт елде етек жайған жоқшылық пен қымбатшылықты қатаң сынға алған. Наразылардың айтуынша, билік басына Нарендра Моди келгелі кей азық-түліктің құны 175 процентке шарықтап кеткен. Жанармай құны да аспандап тұр. Оған қоса аймақта екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің қатары артып барады. Ал Моди әкімшілігі болса, 8 жылдың ішінде көптеген елді мекендерге ауыз су мен газ тартылып, ақысыз медициналық сақтандыру мен баспана мәселесі біршама шешілгенін алға тартады.

 

Сондай-ақ...