Пәкістанда әлі де тасқын қаупі сейілмей тұр

Пәкістаннның оңтүстігінде тағы су тасқыны қаупі күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауыннан Синд аймағындағы Манчар көлінің суы шамадан тыс көтерілген. Оның үстіне алдағы уақытта өңірде тағы жаңбыр жаууы мүмкін деп болжап отыр. Осыған байланысты жергілікті билік аймақтағы кей мекен тұрғындарына дереу қауіпсіз жерге көшуге кеңес берді. Пәкістанда биыл жаңбырлы маусымдағы су тасқынынан 1 мыңнан аса адам опат болды. Жалпы табиғат апатынан 33 миллионнан аса адам зардап шекті. Жүз мыңнан аса үй қирап бүлініп, көптеген тас жол мен көпірді су шайып кеткен.