Австрияда гидроэлектр қуатын өндіру азайды

Австрияда аптап ыстықтың кесірінен гидроэлектр энергиясын өндіру көлемі азая бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан электр энергиясы қымбаттады. Шілдеде жауын-шашын болмағандықтан, су электр қуатын өндіру 35 процентке төмендеп кетті. Үкімет тығырықтан шығу үшін электр энергиясын көрші елдерден сатып алуға көшкен. Биыл электр қуаты мен газ тарифі 5 есе қымбаттады.

Флориан Зайдл, Verbund компаниясының баспасөз хатшысы:

– Биыл еліміздің көп бөлігінде қатты қуаңшылық сезіледі. Жауын-шашынның болмауынан өзен-көлдер суалып жатыр. Мысалы, Дунай өзенінің деңгейі қазіргіден 2 метрге биік болуы керек.