Қытайда жер сілкінді

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында жер сілкінді. Қуаты 6,8 балл болған зілзаладан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер асты дүмпулері Чунцин қаласы мен өңірдегі көптеген елді мекенде сезілді. Апатқа ұшыраған аймақтағы құтқару жұмыстарына әскери полиция, өрт сөндіру, денсаулық сақтау және көлік қызметтерінің 600-дей өкілі жіберілді. Жер сілкінген аудан 2 мың 700 метр биікте орналасқан. 2017 жылдан бері мұнда қуаты 3 баллдан асқан 80-ге жуық зілзала тіркелді. 2018 жылы болған жойқын жер сілкінісінен 70 мыңдай адам қаза тапқан еді.