Кабулда Ресей елшілігі маңында жарылыс болды

Кабулдағы Ресей елшілігі маңында лаңкестік әрекет ұйымдастырылды.

Жарылғыш зат арқалаған бір террорист өзін өзі жарып жіберді. Соның салдарынан 10-ға жуық адам қайтыс болды. Оның екеуі ресейлік дипмиссия қызметкері. Бұдан бөлек тағы ондаған азамат жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс елшілік алдына Ресейде білім алғысы келетін бір топ студент жиналған кезде болған. Қазір дипломатиялық миссия ғимаратында күшейтілген күзет. Оған ауған билігі тарапынан қосымша күш тартылған. Бұл іске барлау күштері де жұмылдырылған.