Үндістанда тасқыннан соң мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды   

Үндістанның Бангалор қаласы алапат су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезінен тұрғындар жарықсыз отыр. Тасқыннан жолдарда көлік қатынасы тежеліп, ондаған баспана жарамсыз күйге айналды. Халық жұмысына жүк көліктері арқылы қатынап жатыр. Ал кейбіреулері қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Мектептер болса уақытша жабық. Қауіпті аймақтардан тұрғындар әлі де эвакуациялануда. Құтқарушылар халықты барынша сақ болуға шақырады. Синоптиктердің айтуынша, биылғы жауын-шашын маусымы соңғы 8 жылда ең қауіпті болды.