Еуро арзандады

Еуро арзандады

Еуро долларға шаққанда 30 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Дүйсенбі күнгі нарық бойынша бір еуро 99 американдық центті құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар мұны ресейлік газ проблемаларымен байланыстырады. Ресей мен Германия арасындағы «Солтүстік ағын» магистральды газ құбырының жұмысы өткен аптаның соңында қалыпқа келу керек еді. «Газпромның» мәлімдеуінше, құбыр әзірге іске қосылмайды. Ресейлік компания турбиналарда ақаулар бар дейді. Оны тек Канададағы өндіруші зауытта түзетуге болады. Дегенмен, таяуда ғана құбырға қатысты ұқсас жағдай болған. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тың қаржы реттеушілері инфляцияны басу үшін қажетті шараларды шұғыл қолға алған, бұл доллардың еуроға қатысты нығаюына ықпал етеді.