Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артты 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды.

Айта кетейік, Сычуань провинциясында болған зілзаладан мерт болғандардың саны 65-ке жетті. Тағы 200-ден астам тұрғын түрлі жарақат алған. Із-түзсіз жоғалғандар да бар. Қуаты 6,8 балл болған дүмпулерден 243 баспананың тас талқаны шықты. 13 мың тұрғын үйге айтарлықтай зақым келген. Қазір кей аудандар жарықсыз отыр. Апат болған аймақта жүздеген адам қамалып қалды. Құтқарушылар оларға жете алмай жатыр.