Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Қытайдың Сычуань провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан жандардың саны 66-ға жетті. Тағы 15 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 6 жарым мыңнан аса маман жұмылдырылған. Үйінділер астынан тірі қалғандарды табу  мен жапа шеккендерге көмек беру үшін ауыр техника, тікұшақ және дрондар қолданылып жатыр. 332 адам қауіпсіз жерге көшірлген.

Еске сала кетейік, таяуда Сычуань провинциясында жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы осы аймақтың Лудин уезінде тіркелген. Дүмпу көрші бірнеше уезде де қатты сезілген.