loader


Еурокомиссия Ресей азаматтарына виза беруді қатаңдатады

Еурокомиссия Ресей азаматтарына жеңілдетілген жолмен виза беру жөніндегі келісім-шартты тоқтату туралы ұсынысты бекітті.

Құжат қыркүйектің 12-сінен бастап күшіне енуі мүмкін. Оған сәйкес, шенген визасын рәсімдеу мерзімі жарты жылға дейін ұзарады. Ал алым 35-тен 80 еуроға өседі. Ішкі істер жөніндегі еуропалық комиссардың айтуынша, ресейліктерге гуманитарлық виза беру жағына басымдық беріледі. Студенттер, журналистер мен азаматтық қоғам өкілдеріне де жеңілдетілген жағдай жасау көзделген. Мамыр айында Еуроодақ елдері ресейлік шенеуніктер мен бизнесмендерге виза беруді қатаңдатқан еді.

Сондай-ақ...