Әлемде су тапшы

Әлемде су тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын артып барады. Бұған жаһандық жылыну мен құрғақшылық та себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ның мәліметі бойынша бұрын кей өңірлерде 10 жылда бір рет болған құрғақшылық бүгінде 1,7 есеге артқан. Сарапшылар жер бетіндегі температура тағы 2 градусқа көтерілсе, табиғат апаттары 2,5 есеге жиі болады дейді. Сонымен қатар, судың тапшылығы әлемдік экономикаға орасан зор шығын әкелуде. Бір ғана мысал, Еуропа елдеріндегі қуаңшылықтан аймақтағы өзен суларының деңгейі ең төмен көрсеткішке дейін жеткен. Тиісінше, дамыған елдерде ауылшаруашылық саласы мен электр қуатының өндірісі ақсай бастады. Мамандар бұлай жалғаса берсе, аймақта дәнді-дақылдардың өнімділігі 20 процентке дейін төмендеуі мүмкін дейді.