Францияда динозавр сатылады

Біздің заманымызға дейін 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен кішкентай Игуанодон динозаврының қаңқасы Париждегі аукцион үйінде сатылымға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бастапқы құны 400 мың еуродан басталады. 2019 жылы Колорадода табылған жануардың биіктігі 1,3 метр, ұзындығы 3 метр. Қаңқаны Итальян палеонтологтары жинап қалпына келтірген.