loader

Германияда техника мен электроника көрмесі өтіп жатыр 

Германия астанасындағы көрмеде тұрмыстық техника мен электроника саласының ең соңғы жетістіктері ұсынылды. 1924 жылдан бері Берлинде өткізілетін көрмеде әлемнің үздік өндірушілері қайта бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заманауи құрылғылар бүгінде адамның күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, уақытын ғана үнемдеп қоймайды. Қазіргі технология заманында виртуалды шынайылық көзілдірігі арқылы, үйде отырып-ақ алыс елдерді аралап, Париждегі сән байқауындағы жаңалықтарды білуге болады. Тіпті әлемдегі ең үздік университеттердегі атақты профессорлардың дәрісіне де қатыса аласыз. Берлинде коронавирус кесірінен екі жылға тоқтап қалған техника мен электроника көрмесі қайта ашылды. Камералы пештер, ультра жұқа теледидарлар мен көмекші роботтар. Өндірушілер биыл ақылды үй тұжырымдамасына басымдық беріп отыр. Ең басты ұстаным – қуат үнемдеу.

Лин, көрермен:

– Көрмедегі маңызды тақырыптардың бірі – жаңғыртылатын қуат көздері мен энергия үнемдеу. Жақын арада көптеген өнім жаңа технологияларға ауысып, көптеп шығарыла бастайды. Сол сәтті тағатсыздана күтіп жүрміз.

Том, көрермен:

Біз көрмеге бірінші рет келдік. Тербеліс арқылы дыбысты денеге түсіретін белбеуді сынап көрдік. Құдды бір фильмнің ішіне түскендей сезіндік. Мұндай құрылғылар нашар еститін адамдарға керек, олар да біз секілді кино көріп, рахаттанар еді.

Биылғы көрмеге әлемнің 1100 компаниясы қатысып отыр. Алпауыт компаниялардан бөлек, стартаптар да тұрмысты жеңілдететін құрылғыларын әкелген. Мысалы француз фирмасы ас бөлмеде көкөніс өсіруді ұсынып отыр. Ал мына израильдік шағын электромобиль кептелісте тұрмайды, көлік тұрағында да аз орын алады. Бұдан бөлек, үй жануарларының орнын баса алатын қытайлық роботтар бар. 

Келли Хуанг, компания менеджері:

– Бұл жасанды интеллектпен жабықталған робот-мысық. Сөз танып, үйрене алады, сипағанды сезеді. Ішіне камера, сенсорлар мен микрофон орнатылған. Сол арқылы иесінің дауысын таниды. Мұндай «ақылды» мысық егде жастағы немесе аллергиясы бар адамдарға жақсы.

Көрмеге 160 мыңнан астам адам келген. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір аз. Десе де екі жыл амалсыз үзіліс жасаған ұйымдастырушылар биыл іс-шара өткізуге мүмкіндік болғанына дән риза.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Сондай-ақ...