Нью-Йоркте маска тағу міндеттелмейді

Нью-Йоркте маска тағу міндеттелмейді

Нью-Йоркте карантиндік шектеулер бәсеңдеп, қоғамдық көлікте маска тағу міндеті алынды.

Өткен аптада шенеуніктер Covid-19 омикрон нұсқасына қарсы үдеткіш вакцинацияларды мақұлдады. Осыған байланысты, жергілікті автобустарда, пойыздар мен метроларда бетпердеге қатысты шектеу болмайды. Бұл туралы таяуда штат губернаторы Кэти Хочул мәлімдеді. Дегенмен, ауруханалар мен емханаларда  және қарттар үйлерінде әлі маска тағу керек.