Таяу Шығыста 400 млн адамға қауіп төніп тұр

Ғалымдар Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде климаттың өзгеруі байқалып отырғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда, мұнда температура екі есе тез артып барады. Салдарынан аймақта тұратын 400 миллион адамға қауіп төнді. Өйткені ұзаққа созылатын аптап ыстық салдарынан құрғақшылық пен орман өрті жиілей түседі деген болжам бар. Ғалымдар ғасыр соңына таман Сауд Арабиясы, Грекия мен Египетте орташа температура қазіргіден 5 градусқа жоғары болатынын ескертеді.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева