Африка мемлекеттері климаттың өзгеруіне қарсы шара қабылдауға көшті

COP 27 қарсаңында Африка мемлекеттері климаттың өзгеруіне қарсы күрес үшін қара құрлық елдерін қаржыландыруға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

40-қа жуық мемлекеттің басшылары дамыған елдерге осындай үндеу тастап, климат мәселесіне қатысты міндеттемелерін орындауға шақырды. Өйткені климаттың өзгеруі кесірінен адамдар үйреншікті өмірін өзгертіп, үй-жайын тастап, босып кетуге мәжбүр болады. Қазірдің өзінде Африкада 250 миллионға жуық азамат ауыз суға зәру.

Айта өтейін, көмірқышқыл газы шығарындылары бойынша Африканың үлесі әлемде 3 пайыз ғана. Бірақ климаттың өзгеруінің салдары ең қатты байқалатын континент те осы.