Жапонияда бала туу көрсеткіші төмендеді

Жапонияда бала туу көрсеткіші төмендеп барады. Биылғы жылдың алғашқы 6 айында онда небәрі 385 мың нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы 22 жылда болмаған көрсеткіш. Бұған дейін елде бала туу деңгейі 400 мыңнан асатын. Соңғы дерек бойынша бүгінде жапон жерінде 14 жасқа дейінгі ұл мен қыз саны 14 миллионға жуық. Бұл халық санының 12 проценті ғана.

Айта өтейін, Жапонияда бала саны 1980 жылдардан бастап төмендеп келеді. Ал коронавирус кесірінен көрсеткіш одан сайын нашарлай түскен.