А.Гутерриш: Пәкістандағы су тасқыны – климаттық қасірет

А.Гутерриш: Пәкістандағы су тасқыны – климаттық қасірет

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Пәкістандағы су тасқынын «климаттық қасірет» деп сипаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гутерриш Синд және Белуджистан провинцияларына барған 2 күндік сапары кезінде осындай мәлімдеме жасады. Ол әлем елдерін Пәкістанға жаппай көмек беруге шақарады. Елдегі жағдайды көрген бас хатшы халыққа шұғыл түрде жәрдемдесу керек деп отыр. Бірнеше аптаға созылған су тасқынынан Пәкістанда 1400-ге жуық адам қаза тапты. 13 мыңдай тұрғын зардап шегіп, миллиондаған адам үй-күйсіз  қалды. Жолдар шайылып, инфрақұрылым бұзылған.