loader

Король Чарльз III Жаңа Зеландияның монархы атанды

Король Чарльз III Жаңа Зеландияның монархы атанды

Чарльз III Жаңа Зеландияның жаңа монархы атанды. Жариялау рәсімі бүгін Веллингтонда парламент алдында өтті. Салтанатты шараны көру үшін ондаған адам жиналған. Корольдің құрметіне ту көтеріліп, зеңбіректерден отшашу атылды.

Синди Киро, Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы:

- Мен барлық Жаңа Зеландиялықтардың атынан Король Чарльзге біздің қолдауымызды жеткізгім келеді. Билігі ұзағынан болсын. Осы кезде бәріміз бірігіп қолдау көрсетуіміз қажет. Біз ел тарихында жаңа кезеңге аяқ басып отырмыз.

Чарльз III Австралияның да патшасы болып жарияланды. Рәсімге мыңдаған тұрғын қатысқан. Шараға қоғамдық көліктер адамдарды тегін жеткізді. Ал Генерал-губернатор Дэвид Херли өз мәлімдемесінде Патшайым II Елизавета қайтыс болғаннан кейін енді оның орнына Чарльз келгенін  баршаға жария етті.

 

 

Сондай-ақ...