Жапонияға жойқын тайфун жақындады

Жапонияның Окинава префектурасында Тынық мұхитынан шыққан «Муифа» атты жойқын тайфун ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта қатты желмен бірге толқын көтеріліп, нөсер жауын жауып тұр. Желдің екпіні сағатына 144 шақырымнан 216 шақырымға дейін құбылады. Жергілікті билік тасқын мен сел жүру қаупі жоғары екенін айтып, тұрғындарды ескертті. Сондықтан құтқарушылар халықты алыс сапарға шықпауға шақырады.

Айта кетейік, Муифа аймақта биыл болған 12-тайфун. Болжам бойынша долы дауыл жақын арада Қытайға бет алады.