Украина – Ресей: екі тарап қашан бітімге келеді

Ресейдің Қорғаныс министрлігі әскерилерінің шегінуіне қатысты мәлімдеме жасады. Аталған ведомство өкілінің айтуынша, бұл жерлерден ресейлік қарулы күштер Донецк облысына қайта топтасу үшін әкетілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі:

– Арнайы әскери операцияның мақсатына жету үшін Балаклея мен Изюм аймағында орналасқан қарулы күштерді Донецк облысына қарай шоғырландыру туралы шешім қабылданды. Бұл операция 3 тәулікке созылды. Ресей күштеріне шығын келтірмеу мақсатында қарсыласқа әуеден және артиллериямен жойқын соққы берілді.

Қарулы қақтығыс қашан аяқталып, екі тарап бітімге келеді? Украина басшысының айтуынша, ол дәл қазір Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын емес. CNN арнасына берген сұхбатында Зеленский Украинада соғыс жүріп жатқан уақытта келіссөзге бармайтынын айтты. Оккупацияланған жерлер толық қайтарылғаннан кейін ғана Мәскеумен келіссөз жүруі мүмкін, деді ол. Өз кезегінде, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеше ғана "Россия 1" телеарнасының эфирінде Мәскеудің келіссөзден қашпайтынын мәлімдеген болатын.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...