Израиль Иранды Сириядағы астыртын әрекеті үшін айыптады

Иран Сириядағы оннан аса әскери нысанды озық зымырандар мен қару-жарақ жасауға пайдаланған.

Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Бени Ганц Нью-Йоркте өткен конференцияда мәлімдеді.

Айтуынша, Сириядағы ғылыми зерттеулер орталығының әскери нысандарында дайындалған қарулар Ливандағы "Хезболла" тобына жеткізіліп отырған. Әзірге Тегеран бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Израиль Сирия жерінде жасалған қару-жарақтың өзге елдерге жеткізбеу үшін Шам жеріндегі әуежайларды атқылауды жиілеткен.

Сондай-ақ...