Әлемде 50 млн адам құлдықта өмір сүріп жатыр

Әлемде 50 миллион адам құлдықта өмір сүріп жатыр. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымы хабарлады.

Соңғы рет мекеме 2016 жылы есептеу жүргізген. Сол уақыттан бері мәжбүрлі некеге не мәжбүрлі еңбекке тартылғандар саны 9 миллионға жетті. Әсіресе күштеп жұмысқа салу деректері Азияда көп екен. Мұндай оқиғаларды бастан кешкендердің көбі әйелдер мен балалар. Мамандар қауіпті топқа мигранттардың кіретінін айтады. Ал мәжбүрлі некеге тұрғандар саны Азия-Тынық мұхиты аймағында көп. Сарапшылар құлдықпен күресті күшейту үшін еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру керектігі туралы айтады.

Сондай-ақ...