Армения Әзербайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты көмек сұрады

Армения Әзербайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты Ресей, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және БҰҰ-нан ресми түрде көмек сұрады.

Бұл туралы Армения Үкіметінің баспасөз қызметі премьер-министр Никол Пашинянның қатысуымен болған қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін хабарлады. Естеріңізге салайық, Арменияның қорғаныс министрлігі сенбіге қараған түні елдің оңтүстік шығысында орналасқан елді мекендерге  Әзербайжан әскері шабуыл жасады деп хабарлады. Аталған орган Әзербайжан тарапы әскери нысандармен қатар азаматтық инфрақұрылымдарды да атқылағанын айтады. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Ресми Баку болса Арменияның бұқаралық ақпарат құралдарында тез тарап жатқан мәліметтерді бос сандырақ деп отыр.