Пашинян Армения шекарасында 49 армян сарбазының қаза тапқанын хабарлады

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан әскерінің шабуылынан 49 армян сарбазы қаза тапқанын хабарлады.

Бұл туралы ол парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Әзербайжан күштері Армения шекарасын 7 бағыттан шабуылдаған. Бірақ кейін әскери қимылдар бәсеңдеп, тек екі бағытта жүргізіліп жатқанын айтады. Қазір Ереванның өтінішімен екі елдің шекарасындағы ахуалды Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымының Тұрақты кеңесі талқылауға кіріскен. Әзербайжан ақпарат құралдарының хабарлауынша, тараптар атысты тоқтатуға келіскен.