Түркия жаңа туристік бағыттар ашады

Ол ежелгі тарихы мен мәдениеті баурап алатын Хатай қаласы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Хатайда Хабиб Наджар жерленген Түркияның ең көне мешіті орналасқан. Оның тарихы Құран сүрелерінің бірінде айтылды. Сонымен қатар әлемдегі ең көне христиан ғибадатханасы-Әулие Павелдың үңгір шіркеуі де бар. Иә, көне қала бай тарихымен ғана емес, ерекше тағамдарымен де таң қалдыруға дайын. ЮНЕСКО оған гастрономия қаласының беделді мәртебесін берді. Жергілікті тағамдар қатарына Араб, Осман және француз асханасы кірген.