Украина президенті Владимир Зеленский отырған автокөлік Киев қаласында жол апатына ұшырады

Бұл жайында «РБК-Украина» ақпарат агенттігі президенттің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың Facebook-ына сілтеме жасай отырып хабарлайды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Никифоровтың айтуынша Зеленский отырған көлік жеңіл көлікпен соқтығысып қалған. Абырой болғанда Украина басшысы дін аман. Дәрігерлер оны жіті тексергеннен кейін ауыр жарақат жоқ екенін хабарлады. Мамандар  көлік жүргізушісіне жедел жәрдеп көрсетіп, оны ауруханаға жеткізді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу ісін бастады.