Қытайдың Чжэцзян провинциясына «Му-ифа» тайфуны жетті

Аймақта долы дауылмен бірге нөсер жауын жауып тұр. Болжам бойынша тайфун әлі де күш алып, Пу-дун мен Шанхайға қарай бет алады.

Қазір желдің екпіні сағатына 151 шақырымға дейін жетеді. Аймақағы табиғат апаттармен күрес штабы жоғары дайындық режиміне көшті. Ал билік қауіптіліктің "қызыл" деңгейін жариялады. Чжэцзян провинциясынан 1,3 млн тұрғын эвакуацияланды. Ал, судағы 11 мыңнан астам балықшы шұғыл портқа оралды. Әзірге апаттың шығыны белгісіз. Зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ...