Францияда газ бен жарықтың бағасын көтеруге шектеу енгізілді

Францияда тұтынушыларды қорғау үшін газ бен электр энергиясының бағасын қымбаттатуға шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы шешімге сай монополист компанияларға газ бен жарық бағасын 15 пайыздан артық көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Элизабет Берн мәлімдеді. Газ құнының өсуіне шектеу келесі жылы, ал электр энергиясына бір айдан кейін күшіне енеді. Жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 15 миллиард еуро бөлінбек. Еуроодақ Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты Ресейге санкциялар салып, соңы газдың қымбаттауына әкеп соқтырған еді. Салдарынан кәрі құрлықта энергетикалық дағдарыс туындады. 

Мохамед бен Хеллал, студент:

- Бағаның көтерілгені алаңдатады. Электр энергиясы құнының өсуіне 15 пайыздық шектеу жеткілікті бола ма екен? Оны уақыты келгенде көрерміз. Бірақ мұның өзі жақсы ғой. Бағалар өспейді деп үміттенейік.