Германия көшесінде шатырлы лагерь құрылды

Германия астанасында экобелсенділер наразылық шарасы ретінде шатырлы лагерь құрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар биліктен энергетикалық саясатын қайта қарастыруын сұрап отыр. Қазбалы отыннан бас тартып, тезірек жаңартылатын энергия көздеріне көшуге шақырады. Жұрт шатырлар екі аптадай алвнбайтынын айтады. Ал кейбіреулері проблемаға биліктің назарын аудару үшін Берлиннің ірі көшелерін жауып тастайтындарын ескертеді.

Эльфе, наразылық акциясына қатысушы:

Біз климаттық апат алдында тұрмыз. Қазір шұғыл әрекет етпесек, кейін кеш болады. Әлемде болып жатқан өзгерістер туралы үндемей отыра алмаймыз. Сондықтан үкіметтік ғимараттарға барар жолдарды жауып тастаймыз.