Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандардың саны артты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандардың саны артып, 94-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 150-ден аса кісі жарақат алған. Естеріңізде болса, 14 қыркүйек күні екі ел арасындағы шекарада жағдай шиеленісіп, 16 күні қарулы қақтығысқа ұласты. Тәжікстан күштері бірнеше ауылды басып кіріп, Баткен қаласын зымырандармен атқылаған. Бірақ кейін қырғыз жерін тастап шыққан. Сол күні екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келгенмен, сенбі күні тәжік әскері қырғыз мекенін тағы атқылады. Қос тарап бір-бірін айыптап отыр. Қазір екі ел шекарасындағы жағдай тұрақталған.