Ереванда жүздеген адам биліктен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуды талап етті

Наразылық шарасы АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің осы елге сапары кезінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».  Шеруге қатысушылар одақ Әзербайжанмен қақтығыста қолдау білдіріп, көмек берген жоқ деп айыптап жатыр. Батыс елдерімен бірігуді сұрауда. Өткен дүйсенбі күні Армения мен Әзербайжан шекарасында қарулы қақтығыс болып, 200-дей адам қаза тапты. Ереванның мәлімдеуінше, Әзербайжан күштері алты мекенді атқылап, қару қолданған. Баку бұл айыптарды жоққа шығарды. Ал шиеленіс кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ереванға қолдау білдіріп, әскер жібермейді.