Италияда 500 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Италияда келер жылы жарты миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнеркәсіп қауымдастығы жанындағы аналитикалық орталық мамандары осындай болжам жасап отыр. Бұған энергия тасымалдаушылардың қымбаттауы себеп. Қазірдің өзінде баға шарықтап тұр. Былтырмен салыстырғанда энергия тасымалдушылар құны 40 процентке өскен. Мұндай жағдай тек Италияда ғана емес, Еуроодақтың көп елінде байқалып отыр.