Таяу Шығыстағы Газа секторында Византия империясы кезіндегі әсем өрнекті еден табылды

Оны жергілікті шаруаның бірі бағында жұмыс жасап жүріп кездестірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шамамен 1,5 мыңдай жыл бұрын салынған еденде түрлі жануар мен құстар бейнеленген. Мамандар жәдігерді зерттеуге кірісті. Газа секторы ежелгі дәуірде Таяу Шығыстағы маңызды сауда орталығының бірі болған. Сондықтан бұл өңірде байырғы заманның жәдігерлері  көптеп кездестіріледі. Бірақ жергілікті биліктің айтуынша, оларды зерттеуге мамандар мен қаржы тапшылығы жиі қолбайлау болады екен.