Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы жағдайды тұрақтандыру және бейбітшілік орнату туралы хаттамаға қол қойды

Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайды тұрақтандыру және бейбітшілік орнату туралы хаттамаға қол қойды.

Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап, осы елдің ақпарат құралдары хабарлады. Қырғызстан тарапы Баткен облысындағы жағдай тұрақталып жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өткен аптада екі ел шекарасында ахуал шиеленісіп, соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Атыстан жалпы 100-ге жуық адам қаза тауып, 150-ден аса кісі жарақат алды. Баткен облысындағы әскери қимылдар жүрген ауылдардан 130 мыңнан аса адам эвакуацияланды.