Францияда жәрдемақы алушыларға талап күшейді

Жұмыссыздық деңгейі әлі күнге дейін әлем елдерінде тұрақтала қойған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Францияда жұмыссыз жүргендерге қолдау көрсету жоспары әзірленіп жатыр. Жаһандық пандемия, Украинадағы қарулы-қақтығыс, энергетикалық дағдарыс, бұның бәрі Франция экономикасына ауыр соққы болды. Қазір елде жәрдемақы төлейтін жаңа жүйені жетілдіру қолға алынды.

Францияда ай сайын 2,5 млн жұмыссыз адам жәрдемақы алады. Оның көлемі еңбекақының 70% құрайды. Статистика бойынша жұмыссыздық жәрдемақысының орташа сомасы 1020 еуро шамасында. Бұл – елдегі ең төменгі жалақыдан 300 еуроға аз. Жұмыс іздеген жан мемлекеттен көмекті екі жылға дейін ала алады. Ал азамат зейнетақы жасына тақап қалса, оны тағы бір жылға созуына мүмкіндік бар. Бұған дейін жұмыссыздықтан сақтандыру қоры, азаматтардың жалақысының 4% ұстап қалу арқылы қаржыландырылатын. Енді қажетті қаржыны қорға жұмыс беруішлердің өздері аударатын болады.

Францияда үкімет жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыға жыл сайын 40 миллиард еуро жұмсайды. Осыған қарамастан бұл елдің жүйесі экономикалық өзгерістерге ең бейім саналады. Бірақ пандемиядан кейін билік жүйені қайта қарап, жәрдемақы алушыларға талапты күшейтті.

Оливье Дюссо, Франция Еңбек министрі:

- Біздің жұмыссыздықтан қорғайтын сақтандыру жүйеміз экономикалық өзгерістерге аса бейім емес. Ол азаматтарды экономикалық ахуал нашарлаған кезде жақсы қорғамайды. Мысалы, елде жадай жақсарған кезде жәредамқы алушылар 60% өссе, дағдарыс кезінде жұмыс іздеушілер қатары 40% төмендейді.

Жаңа өтемақы жүйесі азаматты тұрақты жұмыс табуға ынталандыруға бағытталған. Өтемақы уақыт өте келе қысқарып, жұмыссыз жүргендердің жаңа жұмыс орынын іздеуі қатаң бақыланады. Қазір елде жұмысcыздық 7% азайған. Алайда билік бұл әлемдік дағдарыс кезінде жеткіліксіз деп отыр.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Руслан Омиржан