Еурокомиссия Венгрияға қаржы бөлу мәселесі қарады

Еурокомиссия Венгрияға қаржы бөлу мәселесі қарады

Венгрия үкіметінің Еурокомиссиямен «Одақ бюджетінен қаржыландыруды қысқартпау» туралы келіссөзі нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің әділет министрі Юдит Варга мәлімдеді. Оның айтуынша, комиссия Будапештің ұсынған шаралары екі арада туындаған мәселені шешуге мүмкіндік береді деген ұйғарымға келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еурокомиссия сыбайлас-жемқорлыққа байланысты Еуроодаққа Венгрияға қарастырылған 7,5 миллиард еуроны бөлмеуге кеңес берген. Мұндай шешім қомақты қаржы мақсатты жұмсалмауы мүмкін деген алаңдаушылықтан туындаған еді.