Грузияда қылмыскер банкте болған адамдарды кепілге алды

Грузияның Кутаиси қаласында қарулы қарақшы банк ішіне кіріп, 14 адамды кепілге алды. Арасында банк қызметкерлері мен келушілер бар, деп хабарлайды «хабар 24».

Әлеуметтік желілерде бұл қылмыстың бейнежазбасы шықты. Онда қарақшы ғимарат есіктеріне мина орнатқанын көруге болады. Қылмыскер үш сағат ішінде 2 миллион доллар беруді талап етті. Кейін оған қоса тік ұшақ, қармақ және Ресей байрағын сұрапты. Банк ғимараты полиция қоршауға алды. Грузия ішкі істер министрлігі адамдарды кепілге алуды лаңкестік әрекет деп бағалап, тілшілерді тікелей трансляция жүргізубеуді сұраған.

Куәгер:

Ішінде жақын адамым бар. Оның қан қысымы жоғары, сондықтан уайымдап отырмын. 38 жастағы жас әйел. Сол кісі банкке қалай кірді?

Айта кету керек, Грузияда банкке қарсы жасалған қарулы қылмыстар жиілеп кетті. Соңғы екі жылда бұл бесінші рет болып тұрған оқиға. Ең аты-шулы қарақшылық 2020 жылы 21 қазанда Зугдиди қаласында болған. Сол кезде қарулы ер адам 43 адамды кепілге алып, банкты жарты миллион долларға тонап кетті.