Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімге келуі мүмкін – Режеп Тайып Ердоған

Мұндай мәлімдемені Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясында жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Әзербайжанның жаулап алған жерлерін азат еткен соң аймақта бейбітшілік орнатуға мүмкіндік туған. ­Өткен аптада екі ел шекарасындағы жағдай қайта шиеленісіп, қарулы қақтығыс болды. 200-ден аса жауынгер қаза тапты. Кейін тараптар атысты тотату туралы келісімге келген еді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Біз Әзербайжан мен Армения арасында қарым-қатынастың жақсаруы үшін жан-жақты қолдау білдіріп келеміз. Жақында болған қақтығысқа қарамастан екі елдің бейбіт келісімге қол қоюына мүмкіндік зор. Біз әзербайжандық бауырларымызды әрдайым қолдауға дайынбыз.