Басқыншы Ресейге әділетті жаза қолдану керек – Зеленский БҰҰ-ға үндеу жолдады

Украина президенті Владимимр Зеленский Ресейдің агрессиясы үшін әділетті жаза қолдануды талап етті. Бұл туралы Украина басшысы БҰҰ Ассмблеясына жолдаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зеленский Ресейге қарсы қаржылай санкциялармен бірге Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығынан айыруды ұсынды. Ресей президенті Путиннің бейбіт келіссөз туралы мәлімдемесін сынға алды. Кеше Ресейде жартылай мобилизациялау жарияланды. Преиздент Путин шара Украина билігі Донбасcтағы ахуалды бейбіт жолмен шешуден бас тартқан соң қабылданғанын мәлімдеген еді. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Сіздер Ресейден бейбіт келіссөзге қатысты түрлі мәлімдемелер естідіңіздер. Олар өздерін соған дайын болғандай етіп көрсете отырып, жартылай мобилизациялау жариялады. Украинаның жаулап алған жерлерінде референдумдар өткізуді жоспарлап келіссөз туралы сөз қозғады. Қақтығыс тек Украина ұстанған бейбіт жолымен шешілуі керек. Ресейдің қоқан-лоқысы жалғасқан сайын бұл елмен ешқандай мемлекет келіссөз жүргізгісі келмес.

МӘСКЕУ БАТЫСТЫ АЙЫПТАДЫ

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Украинада барлық алға қойға мақсатқа жеткенше арнайы операцияны жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Украинадағы дағдарыстың дипломатиялық жолмен шешілмей отырғанына батыс елдерін кінәлады.