Киев пен Мәскеу тұтқын алмасты

Мәскеу мен Киев әскери тұтқындармен алмасты. Ресей биыл Мариуполь қаласында шайқаста тұтқынға берілген 215 украиналық сарбазды босатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында «Азов» батальонының командирі Денис Прокопенко, оның орынбасары Святослав Паламарь және Жаяу-теңіз әскері 36 бригадасының командирі Сергей Волынский бар. Ал Украина тарапы Ресейдің қолға түскен 55 жауынгері мен оппозициялық саясаткер Виктор Медведчукты берді.

Айта кетейік, Бұл Украинада қақтығыс басталғалы екі ел арасындағы ең ауқымды тұтқындарды алмасу болып отыр. Оған бірнеше ел қатысқан. Шара соңына дейін аса құпия жағдайда ұсталған.