АҚШ жаһандық қорға қаржы бөледі

АҚШ президенті Джо Байден жаһандық қорға 6 млрд доллар бөледі. Саясаткер бұл жайында қордың Нью-Йоркте өткен жетінші конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бөлінетін қаражат адамның иммун тапшылығы вирусы, туберкулез бен безгек аурына қарсы күрес жұмыстарына жұмсалмақ.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Бұл инвестиция 20 млн адамның өмірін сақтап, аурудан тіркелетін өлім-жітім көрсеткішін 64 процентке қысқартатынына сенеміз. Сонымен қатар бөлінген қаражат арқылы медициналық қызметкерлер мен шұғыл ем-домға мұқтаж дімкәс жандарға қолдау көрсетілетін болады.

Конференцияда сөз сөйлеген Франция президенті Эмануэль Макрон да Жаһандық қорға алдағы 3 жылда 300 млн еуро бөлетінін мәлім етті. Сонымен қатар әлем елдерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін орталыққа 250 млн еуро көмек көрсетілмек.